Мемлекет басшысы Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаевты қабылдады
Мемлекет басшысы Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаевты қабылдады
5,185
оқылды
Қазақстан Президенті – Қарулы Күштердің Бас қолбасшысы Қасым-Жомарт Тоқаев армияның әскери және шұғыл әрекеттерге дайындығы, азаматтарды әскерге шақырудың күзгі науқанының барысы, сондай-ақ, Алматы облысында өтіп жатқан бітімгершілік оқу-жаттығу жиыны жөнінде Қорғаныс министрінің есебін тыңдады, – деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі. Мемлекет басшысы Қорғаныс министрлігінің алдына бірқатар міндет қойды. Соның ішінде Қарулы Күштерді қалыптастыру тұжырымдамасын әзірлеу кезінде Қазақстан армиясының радиациялық және химиялық қорғанысына қажетті құрал-жабдықтардың заманауи түрлерімен жабдықталуына, әскери-көлік авиациясы мен инженерлік әскерді күшейтуге, инфрақұрылымды дамытуға ерекше назар аударуды тапсырды. Қасым-Жомарт Тоқаев халықаралық әскери ынтымақтастықты дамытуға, кадрлық саясат пен әскеріміздің қысқы маусымға дайындығына қатысты бірқатар тапсырма берді.