Бұрынғы Денсаулық сақтау вице-министрі Эрик Байжүнісовке қатысты бірнеше мәрте пара алу күдігі бойынша қылмыстық іс тергеліп жатыр, деп хабарлады Нұр-Сұлтан қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес қызметі.
«Эрик Байжүнісовке жаңа технологияларды – электрондық бақылау құралын (білезік) қолдана отырып, «үйқамақ» түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды», - делінген хабарламада.
ҚР Қылмыстық іс жүргізу кодексі 201-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеудің өзге де деректері тергеу мүддесінде жария етілмейді