«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет жеңіл рельсті көлік жобасын іске асыру кезінде 5,8 млрд теңгені жымқыру фактісі бойынша Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің, «Астана LRT» ЖШС және басқалардың лауазымды адамдарына қатысты қылмыстық істі аяқтап, сотқа жолдады. Сотқа 7 адам берілді. Қ.Сұлтанбеков және Т. Ардан «күзетпен ұстау» бұлтартпау шарасымен халықаралық іздеуде», – деді ол онлайн брифингте.
Әр айыпталушының кінәсінің дәрежесі туралы түпкілікті шешімді сот анықтайды. «ҚР ҚПК 201-бабының тәртібімен және тергеу мүддесіне сәйкес өзге ақпарат жарияланбайды», – дейді Данияр Бекайдаров.