Енді көлік жүргізушілері бекетте орнатылған төлем қондырығысы арқылы қалаған жанармайын сатып алып, өздері құя алады. Коронавирус пандемиясы кезінде адамның қауіпсіздігі үшін жасалған бұл жүйе уақытты да үнемдейді.
- Бұл автоматтандырылған жанармай құю бекетінде баға бәсекелестерімізбен салыстырғанда біршама төмен. Өйткені біз қызмет көрсетуге кететін шығынды қысқарттық. Бұл жерде бір ғана оператор жұмыс істейтін болады. Ол автоматты жүйені дұрыс пайдалануды көрсетіп, көмектеседі. Автоматтандырылған жанармай құю бекетіне келген жүргізушілер үшін шағын дүкен де бар. Мұнда да ақша қабылдайтын қондырғы орнатылған. Жалпы елімізде ««Petroretail» компаниясының 300-ден астам жанармай құю бекеті бар, - дейді «Petroretail» ЖШС Алматы және Алматы облысындағы филиалының директоры Айдос Бултаев.
Алматыда көлік саны жылдан жылға артып келеді. Соған орай сапалы жанармайға сұраныс жоғары. Сол үшін заман талабына қарай компания өкілдері жанармай құю бекетін автоматтандырып жатыр екен.
«Qazaq oil» жанар-жағармай құю бекетіне келген жүргізуші Әділдет Кішкенебаев автоматты қондырғыны игеру оңай дейді. «Төлем қондырғысының ақпараттық тақтасынан қажетті бензин маркасын таңдап, мөлшерін көрсеткен соң тиісті ақшасын төлейді. Жанармай сапасына да көңілі толады» деді ол.