Сай-өтестегі мектеп жанынан ашылған жылыжайда тропикалық өсімдіктің 74 түрі бар.
Соның ішінде пальма, фикус, лимон, жүзім сынды Маңғыстауда өспейтін тропикалық ағаштың барлығын кездестіруге болады. 2007 жылдан бері ерекше күтімді қажет ететін өсімдіктің бірнеше түрін мектеп мұғалімдері мен оқушылары күтіп-бағуда.
– Маңғыстау – шаңды жер, өсімдік жоқ, сол себепті біз осы жылыжайдың ғана емес, ауылдың да өсімдігін дамытуға кірістік. Қаладан болсын, басқа жақтан болсын тұқымды әкеліп, еге бастадық, – дейді Арай Смалықова.
Оның ботаникалық үйірмеге келіп жүргеніне 3 жыл болған. Қазі онда 100-ге жуық оқушы қатысады екен. Ғылыми зерттеулер жүргізіп, емдік заттарға қажетті алоэ, кактус гүлдерін де өсіре бастаған. Жақында қызыл раушаннан «Қырдың хош иісі» атауымен иіссу жасап шығарыпты.
Арай Самалықова ботаникалық үйірмеге 3 жылдан бері келіп жүр. «Алдағы уақытта осында өскен ағаштарды бүкіл ауылға отырғызуды көздеп отырмыз, біршамасы сынақтан өтіп жатыр» деген ол, жасыл-желектің пайдасы зор, лас ауаны сорып, оттегі бөліп шығаратынын жеткізді.