Әлеуметтік желідегі видеода іші адамға толы автобус көрсетілген. Кадрда тұрғындар бір-біріне тығылып, терезе мен есікке сыймай қысылып тұрғаны бейнеленген. Instagram парақшасында жазба жариялаған тұрғын Қарасай ауданы Райымбек ауылында №212 бағытындағы шағын автобус қатынайтынын жазған. Оның айтуынша, бұл қала мен ауыл арасын жалғайтын жалғыз автобус екен. Әрі тұрғындар автобустың келуін ұзақ күтеді.
Ал Қарасай ауданының әкімдігі бұл бағыттағы шағын автобустар Алматы мобильділік басқармасының ведомствосына қарайтынын хабарлады.
Ведомство мәліметінше, адамдардың қысылуы мен автобустарды ұзақ күтуі Райымбек даңғылындағы кептеліске байланысты.
«Бұл бағытта 13 бірлік жылжымалы құрам жүреді. Бүгінгі таңда жылжымалы құрамды ауыстыру мүмкін емес. Бұл мәселе автобустар жетіспегендіктен және коронавирус пандемиясына байланысты оларды жеткізу кешігуіне байланысты туындап отыр. Автобустарды жаңарту және үлкеніне алмастыру мәселесі жаңа жылжымалы бірліктердің келуіне қарай қарастырылады» деп хабарлады әкімдік өкілдері.