Бұдан бөлек Нұр-Сұлтан қаласының басқа аудандарында да сайлау өтіп жатыр. Ол жайлы алдағы сағаттарда хабардар етіп отырамыз.Сайлау кезінде дауыс беруге келген партия мүшелерін сөзге тартқан едік.
– Өзім білім саласында талай жылдан бері қызмет етемін. Дауыс беруге келгендегі мақсатым - білім саласын, оның ішінде инклюзивті білім беруді дамытам деген кандидаттарды таңдау. Әр кандидаттың жеке бағдарламасымен таныстым. Бұл мәселені қозғаған 1-2 үміткер ғана бар екен. Соның ішінен өз таңдауымды жасадым, – дейді Елорда тұрғыны Бақыт Түсіпбекова.
Мадияр Төлеу, Аружан Айтжанқызы Фото: А. Мұрзанов