«Праймериз бұл ашықтық принциптің үлгісі. Елімізде тұңғыш рет қолданылып отырған жүйені партияластар жатсынбай белсенді түрде дауыс беруде. Бүгін ел тарихындағы айтулы күн десек болады. Сондықтан барша партияластарымды өз таңдауын жасауға шақырамын», - деді Б.Сапарбаев.Бүгінгі таңда Жамбыл облысы бойынша праймеризде бақ сынауға 768 кандидат тіркелді. Кандидаттардың 269-ы әйелдер, 222-сі 35 жасқа дейінгі жастар, 28-і көп балалы аналар, 29-ы қандастар және 8-і мүмкіндігі шектеулі жандар. Кандидаттардың 111-і бастауыш партия ұйымдарынан ұсынылса, 657-і өзін-өзі ұсыну мүмкіндігін пайдаланған. Үміткерлердің қатысуымен 2736 шара өтті. 176 жария пікірсайыс ұйымдастырылды. Ішкі партиялық іріктеу өз мәресіне жақындап келеді. Бүгін дауыс берудің үшінші күні. Таңдау жасау «Праймериз» ақпараттық жүйесі арқылы жүзеге асады. Қазіргі таңда аймақтағы партия мүшелерінің 95 пайызы авторизациядан өтті. Яғни, 50768 адам дауыс беруге қатыса алады. Облыстағы 45469 партия мүшесі, яғни 80 пайызы онлайн дауыс береді. Ал 10 951 партия мүшесі, яғни 20 пайызы дәстүрлі түрде сайлау учаскелерінде өз таңдауын жасайды. Бұл тұрғыда аймақ бойынша 177 дауыс беру орны дайындалып, нысан иелерімен келісімшарт жасалды. Оның 125-і онлайн болса, 52-сі оффлайн. Бір сөзбен айтқанда, интернет желісі ұстамайтын аймақтарда да бюллетень арқылы дауыс беру мүмкіндігі қарастырылып отыр.
Саятхан Сатылған, Жамбыл облысы