Ол қазір Павлодарда қатаң режимдегі АП-162/4Z мекемесінде жазасын өтеп жатыр. Оқушылар бұрынғы ұстазын мұғалімдер күні мерекесімен құттықтау мақсатында, оған тәттілер салынған сәлемдеме беріп жіберіпті.
Павлодар облысы бойынша ДББЖ баспасөз қызметі мәлімдеуінше, 49 жастағы мұғалім түрмеге түспей тұрып 15 жылдай мектепте жұмыс істеген екен.
Тұтқынның айтуынша, отырыс кезінде жігіттер арасында жанжал шыққан. Сол жерде өзін қорғаймын деп, қол көтерген жігітті ұрып тастаған. Ауыр соққының кесірінен ол жігіт қайтыс болған. Абайсыздығы үшін жігіт 10 жылға бас бостандығынан айырылған. Ол оның 2 жылын өтеді.
«Балалар қайда екенімді қызымнан біліп алыптым. Маған тосын сый жасамақшы болған ғой. Шыны керек, қуанып қалдым», - дейді ер адам.
Азаматты үйінде әйелі мен 15 жастағы қызы күтіп отыр екен.