Шалғай Мойынқұмда дәстүрлі дауыс беру жүріп жатыр
Шалғай Мойынқұмда дәстүрлі дауыс беру жүріп жатыр
328
оқылды
Жамбыл облысында праймеризге қатысушыларға дауыс беру екі түрлі форматта өрбуде. Біріншісі онлайн түрінде өтіп жатса, екіншісінде тұрғындар дәстүрлі түрде дауыс беруде. Міне, сондай офлайн дауыс беру жүйесін қолданғандардың бірі – Мойынқұм ауданы Кеңес ауылдық округінің тұрғыны Сара Рахымбаева. Жалпы дауыс беруге барлық елді мекендерді қамту үшін интернет желісі баяу жұмыс жасайтын ауылдарда дәстүрлі дауыс беруге басымдық берілген. Міне елді мекен тұрғындары осы әдісті пайдаланып, өз таңдауларын жасауда.
-Ауылда ғаламтор желісі бар болғанымен баяу жұмыс жасайды. Сол себепті округ орталығынан дәстүрлі дауыс беру орны дайындалды. Осы жерге таңсәріден барып даусымды бердім. Бәрі ашық, әрі жариялы түрде өтуде. Мойынқұм сынды шалғай ауыл тұрғындарына осындай мүмкіндік тудырған ұйымдастырушыларға айтар алғысым шексіз, -дейді №2 орта мектептің директоры Сара Рахымбаев.
Негізі облыс көлемінде Тараз қаласы мен Жамбыл ауданынан бөлек, 9 ауданда 52 офлайн дауыс беру орындары жұмыс жасауда. Ал Мойынқұм ауданында 1045 адам онлайн дауыс берсе, 1625 азамат дәстүрлі түрде таңдауын жасаған.

                                                                                                     Саятхан Сатылған, Жамбыл облысы