Қазақстанның Тұңғыш Президенті Дональд Трамп пен оның жұбайы Мелания Трамптың коронавирустан тезірек сауығып кетуіне тілектестік білдірді, -деп жазады elbasy.kz.
«Сіздің және Бірінші ханым Мелания Трамптың коронавирус індетіне байланысты тапсырған тестінің оң нәтиже көрсеткені туралы хабарды өкініш сезімімен қабылдадым. Өзіңізді күш-қуаты мол, жігерлі әрі сынақтарды үнемі жеңіл еңсеретін тұлға ретінде білемін. Осы дерттен тезірек сауығып, Америка халқының өркендеуіне бағытталған жауапты қызметіңізге оралуыңызды тілеймін. Бүгінгі таңда біздің елдеріміз бен бүкіл халықаралық қоғамдастық күрделі кезеңді бастан өткеруде, жақын болашақта өзара қолдау мен түсіністік негізінде пандемияны жеңіп, еш кідіріссіз даму жолына қайта оралатынымызға кәміл сенемін. Сізге және отбасыңызға осы науқастан жедел әрі толық жазылып шығуларыңызға тілектестігімді білдіремін. Бұл жағдайды өз басымнан өткізген адам ретінде Сіздерді дәрігерлердің ақыл-кеңесін ұстанып, айтқанын орындауға шақырамын», – делінген жеделхатта.