Базадағы дерек пен жеке мәлімет не себепті сәйкес келмей қалатыны түсіндірілді – Праймериз-2020
Елордадағы Hilton Garden Inn Astana қонақүйінде Nur Otan партиясы Есіл аудандық филиалының тағы бір сайлау учаскесі бар. Бүгін мұнда 30-ға жуық азамат келіп дауыс берген.
Дегенмен түйткілді мәселелер де жоқ емес. Дауыс беруге келген азаматтардың жеке басын куәландыратын дерегі мен сайлау базасындағы мәліметтері сәйкеспей жатыр. Аңғарғанымыздай, осы секілді шағыммен келген партия мүшелері жетерлік. Ал мұның себебін Nur Otan партиясы "Бірлік" филиалы төрағасының бірінші орынбасары Шыңғысхан Қожахметов былай түсіндірді.
[caption id="attachment_77113" align="alignnone" width="1200"] ©Айтжан Мұрзанов[/caption]
– Азаматтар дауыс беру үшін компьютер арқылы сайлау жүйесіне кіріп, өз ЖСН-ын тереді. Базада ЖСН-ға сәйкес азамат телефонының нөмері болады. Сол нөмерге 4 таңбадан тұратын код келуі тиіс. Сол код арқылы дауыс беруші жеке кабинетіне енеді. Бірақ азаматтардың тіркеудегі нөмірлері бұрынғы нөмірлері болып шықты. Олар бұрынғы телефон нөмірін ауыстырып тастаған деген сөз. Код ескі нөміріне барған соң азаматтар жүйеге ене алмай отыр, – дейді ол.
Алайда бұл мәселені шешудің жолы бар. Ол үшін партияға өтініш жазып, өзінің жаңа дерегін растаса болғаны. Келесі күні жаңа деректі енгізіп, сайлау жүйесі арқылы өз дауысын бере алады.
Мадияр Төлеуов