- Бүгінгі праймериз елімізде жүзеге асып жатқан саяси реформаның айқын көрінісі болып табылады. Мұны партияішілік сұрыптау десек те болар. Халық мүддесін қорғап, олардың қажеттілігі мен сұранысын әркез өз назарында ұстауды ұстаным еткен депутаттарды таңдаудың тәсіліде. Өз басым мұндай жаңашылдықты биліктің ашықтығының кезекті көрінісі ретінде қабылдаймын. ⠀ Бүгін қалада орналастырылған 26 дауыс беру орнының біріне барып өз таңдауымды жасадым. Әрине, азаматтардың әлеуметтік арақашықтық сақтап, бетперде тағуына мәжбүр еткен мына індет кезінде онлайн дауыс беруіме болар еді. Онлайн-таңдау үшін барлық қажетті жағдай жасалғанын көріп отырмыз. Арнайы кабинкалар қойылып, интернет мүмкіндігі де қамтамасыз етілген. Алайда, қала билігінің тізгінін ұстаған жауапты азамат ретінде барлығын өз көзіммен көріп қайтқым келді. ⠀⠀ Праймериз ашық өтіп жатыр. Қаладағы саяси ахуал тұрақты. Тараздықтар таңдауын жасауда. Ешқандай қысым көрсетіліп жатқан жоқ. Мұндайға жол берілмейтіні анық. ⠀ ⠀Жалпы, праймериздің елде тәжірибеге енгізілуі ашықтық пен әділдікке қатысты сайлаушылар тарапынан ешқандай күмән болмауына оң ықпал ететіні анық, - деді қала басшысы. ⠀
Саятхан Сатылған,
Жамбыл облысы