Түркістан облысының полицейлері тұрғынның банктік карточкасынан ақша аударып алған күдіктіні ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Созақ АПБ-ге жергілікті тұрғын арызданды. Ер адамның айтуынша, оның банктік карточкасынан белгісіз адам 40 мың теңгеге жуық ақшасын заңсыз аударып алған. Содан өзіне тиесілі қаражатты кім алғанын анықтап беру үшін полицейлерге шағымданып, көмектесуін сұрайды. Аталған жайтты полиция қызметкерлері АПБ-ге СДТТБТ-ге тіркеп, ҚР ҚК 188-бабы бойынша енгізді.
Орын алған қылмысты ашу мақсатында жедел-тергеу тобы шұғыл әрекет етті. Қажетті шараларды іске асырды. Нәтижесінде полицейлер жәбірленушінің банктік карточкасынан ақша жымқырған өзінің келіні екенін анықтады. Тергеу барысында келіні қайын атасының ақшасын, ұялы телефондағы банктік қосымша арқылы аударып алғаны белгілі болды. Қазіргі таңда полицейлер оқиғаның толық мән-жайын анықтауда. Келін міндеттемемен босатылды.
Өз кезегінде Түркістан облысының полицейлері азаматтарға сақ болуды ескертеді.