102 пультіне хабар сағат 13:05-те түсті., - деп хабарлады lada.kz.
Шақыруға "Сұңқар-8" атты Ақтау полиция басқармасы патрулдік полиция батальонының экипажы келді.
Оқиға орнында Audi көлігі мен жедел жәрдем көлігі соқтығысқаны белгілі болды.
-Осы дерек бойынша анықтаушылар жұмыс істеп жатыр, - деді өңірдің бас полицейі, полиция генерал-майоры Жанарбек Бақтыбаев.
Апат салдарынан төрт адам зардап шекті. Екеуі үйлеріне жіберілді, қалған екеуі Маңғыстау облыстық ауруханасында жатыр.