Шымкентте бір жасар қыз пойыздың астына түсіп кетті
Шымкентте бір жасар қыз пойыздың астына түсіп кетті
198
оқылды
Дәрігерлердің айтуынша, қыздың миына қан кету жағдайы және гаматома болған. Оған шұғыл ота жасалды, қазір жағдайы ауыр. «Травматикалық шок болды, геморрагиялық шок болды. Сана коматозды күйде болған кезде. Диагноз: мидың ашық жарақаты. Жансақтау бөліміне шұғыл жеткізілді», – деп хабарлады қаладағы облыстық клиникалық балалар ауруханасының хирургі Бердалы Сүлейменов. Белгілі болғандай, бала үй маңында ойнап жүрген. Байқаусызда, ересектер байқамаған уақытта көшеге шығып кеткен. Теміржолдар дуалмен қоршалған болатын. Алайда бала  жақындаған кезде қақпа ашық болған. Осыдан кейін кішкентай қыз жүк пойызының астына түсіп кеткен. Жергілікті тұрғындар бұл алғашқы трагедия емес дейді. КТК жазуынша, олар рельстердің үстіне көпір салуды талап етіп жатыр.