Белгілі блогер праймериздегі назар аударар фактілерді атады
Белгілі блогер праймериздегі назар аударар фактілерді атады
5,214
оқылды
Белгілі блогер, Kerekinfo.kz блог-платформасының негізін қалаушы Аршат Ораз елімізде өтіп жатқан Nur Otan праймеризіндегі назар аударар негізгі жаңалықтарды атады. Бұл туралы ол өзінің фейсбуктегі жеке парақшасында жазды.
« •Nur Otan праймеризде дауыс беруге мәжбүрлегені үшін Түркістан облысының партия мүшелерін жазалады. • Nur Otan праймеризде дауыс беру ережесін бұзбақ болғаны үшін Ақмола облысының партия мүшелерін жазалады. • Праймериздің тағы бір қатысушысы сайлаудан шеттетілді. • Nur Otan праймеризінде онлайн дауыс беру мерзімі ұзартылды Алғашқы күндегі жаппай дауыс берудің салдарынан сервер қиналғаннан кейін және интернеті қиын аймақтардағы учаскелерге келіп дауыс берудің пандемия кезіндегі қауіпсіздігі үшін тағы бір күнге дауыс беру ұзартылған екен. Қазір жалпы 65% партия мүшесі дауыс беріпті. Тағы 1 күн барын ескерсек, бұл сан әлі өседі. Ережеге сай келмегендерді де шеттетіп жатыр екен. Соған қарағанда бәрін дұрыс қадағалап отырса керек», – деп жазды блогер.