Праймериз-2020: үздіктер партияішілік сайлауға бағасын берді
Праймериз-2020: үздіктер партияішілік сайлауға бағасын берді
367
оқылды
4 қазан күні сағат 14:00-де праймериз кандидаттарына дауыс беру тоқтатылды. Сайлау қорытындысы 6 қазан күні белгілі болады. Алайда онлайн дауыс берудің көшбасшылары анықталып қойды. Олар партияның жаңа бейнесін қалыптастыратын азаматтар: мұғалімдер, дәрігерлер, еңбек адамдары. Елді жаңа арнаға, оң өзгерістерге алып келетін үздіктер Nur Otan-ның партияішілік сайлауына қатысты пікірлерін білдіруде. Праймериз Еуразия ұлттық университетінің ректоры Ерлан Сыдықов праймеризге қатысу мүмкіндігі үшін Nur Otan партиясына алғысын жеткізетінін айтты. «Бұл тарихи шара елімізде алғаш рет болып отыр. Барлығы барынша ыңғайлы және ашық түрде ұйымдастырылды. Үлкен жұмыс атқарылды. Nur Otan партиясы адал әрі ашық ішкі партиялық сайлау өткізуге ымырасыз ниетті. ⠀ Бірнеше күн бойы әлеуметтік желілер мен БАҚ-та партиялықтар «Жүрегіңмен дауыс бер! Лайықтыға дауыс бер!» үндеумен бейнероликтерді жаппай таратуды бастады. Сіз үшін таңдау жасауға ешкімнің құқығы жоқ. Дауыс беруге қатысу – бұл сіздің азамат пен адамның негізгі құқықтарын іске асыру. ⠀ Сіз еліміздің болашағының пайдасына дұрыс таңдау жасағаныңызға сенімдімін», – деп жазбы өзінің фейсбуктегі жеке парақшасында. Праймериз Ал Кенжехан Матыжанов Алматы қаласы Әуезов ауданымен өте тығыз қарым-қатынаста екенін айтты. «Осы ауданда он жылдан артық тұрдым. Осы ауданнан қалалық мәслихатқа депутат болып сайланып, бес жылдай тұрғындармен бірге жұмыс жасап келемін. Әуезов ауданының партия филиалы қаладағы ең үлкен ұжым болып саналады. Құрамында тоғыз мыңнан астам мүшесі бар. Ұлы жазушы атындағы аудан тұрғындары Праймериз кезінде де ұйымшылдық таныта білді. Nur Otan партиясы Әуезов аудандық филиалының жетпіс пайызға жуығы дауыс беріп, белсенділік танытты. Дауыс берген партиялас әріптестердің жетпіс бес пайызына жуғы менің бағдарламамды ұнатыпты. Бұл мен үшін үлкен қолдау, қалтқысыз сенім және жүктелген жауапкершілік. Аманаттарыңызға адал болуға бар күш-жігерімді аямаймын, ардақты әуезовтіктер. "Ұлттың жаңа болмысын" бірге қалыптастырайық!» – деп жазды инстаграмдағы жеке парақшасында Кенжехан Матыжанов. Праймериз Аягөз қаласында праймеризге қатысып жатқан Ләззат Молдашева да сайлаудан кейінгі ойымен бөлісті. «Ұстаздар мерекесіне тағы бір сыйлық. Праймеризге қатысу мүмкіндігі үшін «Nur Otan» партиясына жеке алғысымды білдіремін. Бұл тарихи шара елімізде алғаш рет болып отыр. Барлығы барынша ыңғайлы және ашық түрде ұйымдастырылды. Үлкен жұмыс атқарылды. "Nur Otan" партиясы адал әрі ашық ішкі партиялық сайлау өткізуге ымырасыз ниетті. Ауданымызда мен үшін 991 адам дауыс берді. Бұл мен үшін үлкен мәртебе. Менің дұрыс жолда екендігімнің дәлелі. Маған сенім артқан барлық партия мүшелеріне үшін алғыс білдіремін», – деп жазды әлеуметтік желісіндегі парақшасында.