Дональд Трамп ауруханадан 5 қазанда шығуы мүмкін
Дональд Трамп ауруханадан 5 қазанда шығуы мүмкін
5,157
оқылды
Одан кейін ол Ақ үйге қайта оралып, емін сонда жалғастырады. Бұл туралы жексенбі күні өткен журналистерге арналған брифингте мемлекет басшысы дәрігерлер тобының өкілі Брайан Гарибальди мәлімдеді.
«Егер ол өзін бүгінгідей сезінсе, онда оны ертең ауруханадан шығаруды жоспарлап отырмыз. Ол Ақ үйге қайтып оралады. Онда өзінің емін жалғастырады», – деді Гарибальди.
Трампты емдеп жатқан дәрігер Шон Конли АҚШ президентінің жағдайы жақсарып келе жатқанын айтады. Естеріңізге сала кетейік, бұдан бұрын АҚШ президенті Дональд Трамп пен оның жұбайы Меланияның коронавирус инфекциясын жұқтырғаны хабарланған болатын.