Шығыс Қазақстан облысында екі ай бойы жылқы ұрлағандар ұсталды.
ШҚО ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, тергеу бөлімі Көкпекті және Жарма аудандарында жылқы ұрлаумен айналысқан Ұлан ауданының 41 және 55 жастағы екі тұрғыны ұсталып, екеуіне қатысты қылмыстық іс қозғалды.
«Тергеу қорытындысы көрсеткендей, жылқы ұрлықшыларының әрекетінен алты шығысқазақстандық зардап шеккен, оларға келтірілген залал 14 миллион теңгеден асады. 2018 жылдың екі айында күдіктілер түнгі уақытта жайылымнан мал ұрлаған. Сонымен қатар, күдіктілердің бірінде шаруа қожалығы болған, олар ұрланған малды сонда әкеліп, көрші аймаққа сатқан», - деді ШҚО ПД басшысы Сағат Мәдиев.
Қазір осы іске байланысты сот процесі жүріп жатыр.