Тиісінше, шетелге жіберілген қаражат пен сол жерден алынған қаражат арасындағы айырмашылық 175,8 млрд-тан 281 млрд теңгеге дейін өсіпті. Шетелге жіберілетін ақшаның басым бөлігі, яғни 127,2 млрд теңге Ресейге тиесілі. Айта кетерлігі алаған елге жіберген ақша былтырмен салыстырғанда 5,5% азайған. Есесіне Қырғыз Республикасына жіберілген қаражат көлемі екі есеге жуық өсіп, 96,7 млрд теңгені құрап отыр.Үшінші орында Өзбекстан (95,2 млрд теңге) тұр. Түркияның үлесіне де едәуір мөлшер келеді. Ақша аудару жүйесі арқылы шетелден алынған ақша көлемі бойынша да Ресей көш бастап тұр: 50,1 миллиард теңге. Бұл цифр бір жыл бұрынғыдан 2 есеге аз. Екінші орында Оңтүстік Корея – 34,3 млрд теңге, аталған елген келетін қаржы 22% төмендеген. Қырғыз елінен 20,9 млрд теңге келсе, Өзбекстан мен АҚШ-тан да осы шамада қаражат кірген.
Тұмар МЫРЗА