Жедел жәрдем көшеден өтіп бара жатқан қызды қағып кетті
Жедел жәрдем көшеден өтіп бара жатқан қызды қағып кетті
176
оқылды
Оқыс оқиға 4 қазанда сағат 19.40-та Сәтпаев көшесі, 12-де болған.
«Біздің жедел жәрдем көлігі шақырудан қайтып келе жатқан. Барлық жол ережелерін сақтай отырып, көліктің  жылдамдығы 45 км/сағ еді. Сол кезде кеттен басқа көліктің арт жағынан жаяу жүргінші жолға шыға келді.  Жүргізуші  соқтығыстың болмауын барлық амалын жасауға тырысты, бірақ болмады», - деді No6 РГВ ГКП ауруханасы басшысының міндетін атқарушы Динара Аппасова.
22 жастағы қызға жедел жәрдем қызметкерлері алғашқы медициналық көмек көрсетіп, қалалық жедел жәрдем шақырылды. Оқиға орнына полиция да болды.  Зардап шеккен қыздың миы шайқалып, бастың артқы бөлігі соққы алған. Қазір науқас №1 ауруханаға жеткізілген. Алайда ол ауруханаға жатқызудан бас тартқан.