Алматының бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин қаланы карантинге жабады деген қауесетке қатысты пікір білдірді.
"Бұл жалған ақпарат. Бұл процеске қатысқым келмейді. Қаланы карантинге жабатын ойымыз жоқ. Бізде өсім жүріп жатқаны немесе коронавирустың жаңа штамы туралы хабарлайтын эпидемиологиялық бақылау қызметі бар. Қадағалап отырмыз", - деді Жандарбек Бекшин.
Еске сала кетейік, бұған дейін Бекшин Алматының эпидемиялық жағдайы тұрақты екенін айтқан болатын.