Қазгидромет елімізде ауа райына байланысты ескерту жарияланғанын хабарлады.
Ақмола облысы
6 қазанда Ақмола облысында кей жерлерде тұман күтіледі. Батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с-ге дейін жетеді.
Қызылорда облысы
Түнде 6 қазанда Қызылорда облысының солтүстігінде 3 градус үсік күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күші кей жерлерде 15-20 м/с сақталады. Күндіз төтенше өрт қаупі сақталады.
Түркістан облысы
6 қазанда Түркістан облысының кей жерлерінде шаңды дауыл, солтүстік-батыстан солтүстік-шығыс бағытына ауысатын желдің күші 15-20, күндіз екпіні 25 м/с күтіледі. 6 қазанда түнде облыстың солтүстігінде 2 градус үсік күтіледі.
Шымкент қ.: 6 қазанда солтүстік-батыстан солтүстік-шығыс бағытына ауысатын жел соғады, екпіні – 15-20 м/с.
Түркістан қ.: 6 қазанда солтүстік-батыстан солтүстік-шығыс бағытына ауысатын жел соғады, екпіні – 15-20 м/с.
Қарағанды облысы
6 қазанда Қарағанды облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, күші кей жерлерде 15-20 м/с-ге жетеді.
Қостанай облысы
Түнде және таңертең 6 қазанда Қостанай облысының кей жерлерінде тұман күтіледі. Солтүстік-батыстан, жел соғады, күші күндіз кей жерлерде 15-20 м/с жетеді.
Солтүстік Қазақстан облысы
6 қазанда Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде түнде және таңертең тұман күтіледі. Батыстан жел соғады, күндіз кей жерлерде күші 15-20 м/с күтіледі.
Петропавл қ.: күндіз 6 қазанда батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі.