Қуандық Испергенов Рудный әкімі болып тағайындалды, - деп хабарлайды Қостанай облысы әкімінің баспасөз қызметі.
Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов Рудный қалалық мәслихатының депутаттарымен келісе отырып, өз өкімімен Рудный қаласының жаңа әкімі Қуандық Испергеновті тағайындады және жергілікті активке ұсынды.
Қуандық Хайдарұлы Испергенов 1970 жылы 8 шілдеде Қостанай облысы Жітіқара ауданы Аққараға ауылында дүниеге келген. Екі жоғары білімі бар. Рудный индустриалдық институтын "инженер-құрылысшы" мамандығы бойынша және Қостанай әлеуметтік академиясын "заңгер" мамандығы бойынша бітірген.
Бұрын Бейімбет Майлин атындағы аудан әкімі қызметін атқарған.