Бұл маған жауапкершілік жүктейді
Бұл маған жауапкершілік жүктейді
216
оқылды
  Қазіргідей карантин жағдайында оңайға соқпаса да, олар ел болаша­ғы­ның дамуына үлес қосқысы келетін олар бар мүмкіндіктерін көрсетті. Шешуші кезең саналатын онлайн дауыс беру кезеңі күні кеше аяқтал­ды. Төрт күнге созылған атал­мыш ке­зең­нің нәтижесіне сәйкес, пар­тия­лас­тардың қолдауымен келесі ке­зеңге өттім. Десек те, бұл – мен үшін мақтаныш емес, бұл – пар­тиялас­та­рымның маған артып отырған үлкен жауапкершілігі деп білемін. Жастар саясатына белсене араласып, қоғам­дық жұмыспен айналысып жүргеніме 10 жылдан астам уақыт толды. Осы жыл ішінде Ақтөбе облысы жас­та­рының, соның ішінде олардың әлеу­меттік жағдайын көтермелейтін іс-шараларды жүзеге асыруға бір кісі­дей атсалыстым. Осы себептен де 10 жыл уақыт бойы ат­қар­ған қызме­тімді бақылап, бағалап жүрген пар­тияластарым маған көп дауыс беріп, сенім артуды құп санады деп ой­лай­мын. Ендігі кезекте айтыл­ған нәр­сені тек құрғақ уәде күйінде қалмай, шамам келгенше іске асы­руым қа­жет. Бағдарламаны насихат­тау бір бөлек, ал мұны іске асыру тіпті бас­қаша, сол себепті алда үлкен қыруар жұмыс күтіп тұр. Алдағы уақытта «Nur Otan» партиясымен бірге ха­лықтың мәселелерін шешуге бар күшімді саламын.  

Асылжан БҮРКІТАЛИН, «Jas Otan» Жастар қанаты  Ақтөбе облыстық филиалының төрағасы