«Бір үйде үш адамбыз. Қуықтай бөлмеде тұрдық. Ең жаманы, салынғалы жарты ғасыр болған апатты үйде ұзақ жылдар бойы үреймен өмір сүрдік. Соңғы бес-алты жылда қалалық және облыстық әкімдіктің есігін тоздырып, мәселеміз шешімін таппай келген болатын. Қала күні қарсаңында жаңа баспана бұйырды. Қала әкімі Қайрат Оразбаев әкім болып келгелі біздің мәселемізді жеке бақылауына алды. Тіпті, су жылытатын арнайы құрылғы орнатып берген болатын. Енді міне, баспаналы болдық. Қуанышымызда шек жоқ. Үйді қазір өз атымызға жазғызып, құжаттарын реттеп толық меншігімізге беріп жатыр» деген Гилажева аймақ басшыларына алғысын айтты.Ал «Береке» ықшамауданында орналасқан көпқабатты тұрғын үйден көпбалалы аналар, мүмкіндігі шектеулі жандар мен аз қамтылған отбасыларға пәтер берілді.
Атырау шаһарының 380 жылдық мерейтойына арналған шарада облыс әкімі Махамбет Досмұхамбетов «қала күні қарсаңында жүздеген жерлесіміз қоныстойын тойлап жатыр. Көп жылдар бойы апатты үйлер мен жатақханаларда тұрып, қиындық көрген жерлестеріміздің арманы орындалды. Халықты баспанамен қамтамасыз ету жұмыстары бір сәт те тоқтамайды», – деп жаңа қоныс иелерін құттықтады.
Жедел жәрдем көмегі кешікпесін
Мұнайлы аймақтың денсаулық саласы да қала күнінде саланың даму жоспарына сәйкес автокөлікпен қамтылды. Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов облыстық медициналық жедел жәрдем стансасына жаңа 22 жедел жәрдем көлігінің кілтін табыстады.«Денсаулық сақтау министрлігінің қолдауымен өңірдің денсаулық сақтау саласы 22 медициналық жедел жәрдем көлігімен толығып отыр. Коронавируспен күрес кезінде дәрігерлеріміздің көрсеткен қажыр-қайраты мен еселі еңбегін өте жоғары бағалаймыз. Пандемияның бірінші кезеңінен үлкен сабақ алдық. Кемшіліктерімізді толықтырып бүгінгі күні екінші толқынға дайындығымызды да пысықтап алдық. Облыста дәрі-дәрмек пен құрал-жабдықтарымыз жеткілікті. Дәрігерлеріміз мол тәжірибе жинақтады. Үкіметтің қолдауымен денсаулық сақтау саласына көмек көрсету жалғасады. Қараша айында тағы 18 медициналық жедел жәрдем көлігі жеткізіледі. Әлемдік COVID-19 пандемиясы ұлттың саулығын сақтаудың маңызын арттыра түсті. Сондықтан біздің басты мақсатымыз – денсаулық саласын дамыту. Мүмкіндігінше тұрғындардың денсаулығы жақсарып, жедел жәрдем көмегін қажет ететін жағдайлар азайсын», – деді аймақ басшысы.Бұған дейін жедел жәрдем стансасында 50-ге жуық автокөлік халыққа қызмет көрсетуге жұмылдырылып келді. Келесі жылы республикалық бюджет қаражаты есебінен қосымша 60 санитарлық автокөлікпен жабдықтау жоспарланып отыр. Атырау қалалық жедел жәрдем стансасының басшысы Бауыржан Дүйсебайұлының айтуынша, заманауи автокөліктер науқасқа алғашқы көмек көрсетуге арналған қажетті құрал-жабдықтармен толық қамтамасыз етілген.
Балықшы ықшамауданындағы Жайық жағалауы аумағындағы 2 гектар алаң атыраулық белсенді азаматтардың ұсынысымен тал-теректерді егуге қала әкімдігінің рұқсаты берілген. Туған жерге көңіл бөлуге тұрғындарды үндеген белсенді азамат Арман Хайруллин «Отбасы саябағы» деп аталған алаңда бірнеше гектар жерде жеміс ағашы мен талдың көшетін егу жұмыстары қызу жүретінін айтып өтті.
Жедел жәрдем стансасына берілген «С» санаты бойынша 13, В санатымен 9 Хюндай Н350 маркалы медициналық жедел-жәрдем көліктері Денсаулық сақтау министрлігінің Инвестициялық саясат департаменті, санитарлық көлік жаңартылуы бойынша «Жол картасын» орындау мақсатында берілуде. Бүгінде автокөлік нөмірін, техникалық құжаттарын жасақтау жұмыстары атқарылуда. Содан соң олар тұрғындарға қызмет етуге жолға шығады. Ал қарашада келетін жедел жәрдем авткөліктерінің дені облыстан шалғай Қызылқоға мен Құрманғазы және өзге аудандарға бөлінеді.Табиғат көркі жасыл теректер
Атырау қаласының 380 жылдық мерейтойына орай Атырау облысының тұрғындары мен аймақ басшылары көгалдандыру шарасына қатысып, көшет отырғызды. Балықшы ықшамауданындағы Жайық жағалауы аумағындағы 2 гектар алаңда атыраулық белсенді азаматтардың ұсынысымен тал-теректерді егуге қала әкімдігінің рұқсаты берілген. Туған жерге көңіл бөлуге тұрғындарды үндеген белсенді азамат Арман Хайруллин «Отбасы саябағы» деп аталған алаңда бірнеше гектар жерде жеміс ағаш пен талдың көшетін егу жұмыстары қызу жүретінін айтып өтті. Аймақ басшысы Махамбет Досмұхамбетов алма ағашы көшетін отырғызып, қала көлемінде ұйымдастырылып жатқан көгалдандыру жұмысына сәттілік тіледі.Қала әкімі Қайрат Оразбаев жыл басынан бері қаланы көгалдандыру жоспарына сәйкес 20 мыңдай тал егілгенін атап өтті. «Атырау қаласын көгалдандыру облыс әкімінің бізге жүктеп отырған басты міндеттерінің бірі. Сондықтан шаһарымызды жасыл қалаға айналдыру үшін алда да ауқымды істер атқарылады. Бұл бағытқа арналған нақты іргелі жобамыз бар. Ол үшін өңіріміздегі ірі компанияларды да тартамыз», – деді қала әкімі.Шаһарды көгалдандыру шарасына ТШО, НКОК, АМӨЗ, «Ембімұнай» мен «Интергаз» сияқты мұнай саласындағы бес ірі компания басшылары да келіп,тал-терек егіп, бастама иелеріне сәттілік тіледі. Күні бүгінге дейін «Отбасы саябағы» аталған аумаққа тал-терек егіліп болды. Саябақтың ашылуына себепкер болған азаматтарға өңірдегі депутат, кәсіпкерлер Махмут Мералиев, Әлібек Семғалиев бастаған азаматтар жеміс ағаштары мен теректерді, қара топырақ, күректер мен жер қазуға арналған құрылғысы бар көліктерді беріп қолғабыс етуде. Көлемі ауқымды саябақты қоршау қазан айының соңына дейін аяқталып, егілген тал-теректі күтімге алу жұмысына мамандар шақырылған.
Жастар саябағы мен абаттандырылған жағалау ашылды
Қала мерейтойына орай жергілікті тұрғындар асыға күткен Жастар саябағы мен абаттандырылған Жайық жағалауы ашылды. Шараға облыс әкімі Махамбет Досмұхамбетов қатысып, тұрғындарды айтулы мерекемен құттықтады.«Мұнайлы өлкенің қара шаңырағы Атырау қаласының тағылымды тарихының тамыры тереңде. Қала да адам сияқты тағдыры бар, тарихы бар, тамыры бар. Тарихы бай шаһарымыз бұл күнге өзіндік табысымен және мол жетістігімен жетіп отыр. Қазір Атырау қаласы заманға сай өркендеу мен кемелдену кезеңінде. Облыс орталығы тарихының жаңа беттері жазылуда. Оған сіздердің әрқайсыңыз үлкен үлес қосып жатырсыздар» деген аймақ басшысы тамаша тарту жасағаны үшін «НКОК» компаниясы басшылығы мен ұжымына атыраулықтар атынан алғыс білдірді.Ұзындығы 1861 метр болатын қаланың еуропа бөлігінде Бейбарыс көпірінен Жастар саябағына дейін Жайық жағалауы бойы 7,86 гектар болады. Жағалауда үш субұрқақ, «Атырау қаласының символы», «Шаңырақ» стелла туындылары, бақылау алаңы, архитектуралық аркалар және сөрелер, жабдықталған балалар алаңы, сауда алаңдары, пандустар, көлеңкелі шатырлар, қоқыс жәшіктері бар отырғыштар және шамдар орнатылған. Сонымен қатар Жағалау бойына жүгіру жолы, велосипед жолы, жаяу жүргіншілер жолы мен гранит тас төсемелі жолдары салынған. 6,5 гектар аумақты алып жатқан Жастар саябағында демалыс пен спорт алаңдары, субұрқақтар мен скейт-парк бар. Сондай-ақ әртүрлі терек, бұта отырғызылып, газондармен көгалдандырылған. Бұған қоса, Атырау облысы әкімдігі ғимаратының қарсы бетіндегі екі пирс жөндеуден өткізіліп, бұрынғы субұрқағы қайта жаңартылғанын да айта кету керек.
Бұл көрікті мекендер атыраулықтардың сүйікті орнына айналарына сенім білдірген облыс әкімі Махамбет Досмұхамбетов: «Ел игілігі үшін мұндай әсем әлеуметтік нысандардың санын арттырып, сапалы қызмет етуіне ықпал ету үнемі назарымызда болады. Қаламыздың барша тұрғындарын туған қаламызды көркейтіп, жасыл желекке орап, Жайығымызды таза ұстап, халық игілігіне арналған нысандарға қамқор көзбен қарауға шақырамын. Ұлы бабамыз әл-Фараби арман еткен «Қайырымды қалаға» айналуына барлық негіз бар. Өйткені бұл шаһарда ел ертеңіне бейжай қарамайтын, қайырымдылық пен жақсылыққа жаны құмар азаматтар тұрады», – деді.Атырау шаһарында маңнан аса біріккен және шетел кәсіпорындары құрылып, сәтті жұмыс істеуде. Олардың қатарында мұнай-газ саласындағы ірі кәсіпорындар бар. Атырау облысының экономикалық дамуының негізгі бағыттары: мұнай-химия, мұнай-газ машина жасау, құрылыс индустриясы, агроөнеркәсіптік кешен және балық аулау. Еуропа мен Азияны жалғап тұрған аймақ түрлі табиғи ресурстар қорына бай. Бүгінде 380 жылдығын атап өткен мұнайлы аймақтың халқы сәулеті мен дәулеті жарасқан шаһардың экологиясы мен экономикасына, мәдениетінің дамуына атсалысуымен елге өнеге болып отыр. Тұрсын ЖҰМАБЕКҚЫЗЫ Атырау облысы