21,8 млн теңге жымқырған
21,8 млн теңге жымқырған
309
оқылды
Қаржы мониторингі комитетінің Ақтөбе облысы бойынша Экономикалық тергеу департаменті «Қазына» жедел алдын алу шарасы аясында бюджет қаражатын жымқыру фактісін анықтады. «Жергілікті бюджет есебінен бастапқы, негізгі орта және жалпы орта білім объектілерінің құрылысы мен жөндеу» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру барысында Ақтөбе қаласының құрылыс бөлімі мен бір серіктестік арасында жалпы сомасы 1,5 млрд теңгенің келісімшарты жасалған. Ол бойынша Ақтөбе қаласының бір ауданында 900 орындық орта мектептің құрылысы бойынша мемлекеттік сатып алу құрылыс-монтаждау жұмыстары туралы келісімшартқа қол қойылады. Алайда жарияланған жұмыс толық көлемде жүргізілмей, салдарынан келген залалдың мөлшері 21,8 млн теңгені құраған. Бұл факт бойынша Қылмыстық кодекстің 189-бабы 4-бөлімі 2-тармағына сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп, жымқыру фактісіне мемлекеттік органдағы лауазымды тұлғалардың қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр.  

Н. ЕРЖАН