5 мың гектарға бақ отырғызылмақшы
5 мың гектарға бақ отырғызылмақшы
204
оқылды
Бүгін Үкімет отырысында ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров алма тапшылығын толығымен жабатын мерзімді атады.
«Қазіргі уақытта республикада жалпы алаңы 35,1 мың гектарда жалпы көлемі 216,5 мың тонна алма өндірумен 34 ірі компания, 195 орта, 1370 шағын шаруашылық және жеке қосалқы шаруашылық айналысады. Бұл ретте өнеркәсіптік қарқынды бақтарда алманың түсімділігі гектарына 40-45 тоннаны, ал ұсақ және жеке қосалқы шаруашылықтарда гектарына 7-10 тоннаны құрайды», - деді министр.
Оның айтуынша, алма бақтарының аумағын ұлғайту бойынша басты назарды ірі және орта шаруашылықтарға аудару керек, ал ұсақ шаруашылықтар мен жеке қосалқы шаруашылықтарды кооперативтерге біріктіру қажет.
«Алмаға деген қажеттілік көлемі 344,3 мың тоннаны, импорт 128 мың тоннаны құрайды. Ішкі нарықты 6,6 мың гектар жаңа қарқынды бақтар отырғызу есебінен молайту болжанып отыр. Жаңа бақтар отырғызуды негізгі бақ шарушылығымен айналысатын Алматы, Жамбыл және Түркістан облыстарына, Шымкент қаласына шоғырландыру ұсынылады. Алдағы 3 жылға арналған отырғызу алаңы 5,5 мың гектар болатын жоба пулы бар. Енді, бақ отырғызуды көздеп отырған «Гокнур Гида» түрік компаниясымен жобаны іске асыруының маңыздылығына ерекше назар аударғым келеді», - деді С. Омаров.
Оның айтуынща, толық жеміс беруге біртіндеп шыға отырып, 2024 жылы толық өзін-өзі қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.