Ұлдарын ұрғыш әке 7 жылға сотталуы мүмкін
Ұлдарын ұрғыш әке 7 жылға сотталуы мүмкін
239
оқылды
Үйінде батыр болып, бауыр еті балаларына жұдырық жұмсаған күйеуінің қолына бүгін кісен тағылды.
«Күдіктіге қатысты қазіргі таңда ҚР Қылмыстық кодексінің 110-бабының 2-бөлігіне сәйкес, азаптау бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Сараптамалар тағайындалды. Болған оқиғаның мән-жайы осы тергеу барысында анықталады" деді облыстық полиция департаментінің баспасөз хатшысы Салтанат Қаракөзова.
Енді қамауға алынған қатыгез әке 4 не 7 жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Өкініштісі, өз кінәсін мойындап жатқан ол жоқ. «Ұлдарымды ұрып, таяқпен тәрбиелеймін, ал отбасымда жұрттың шатағы да болмасын» дейді.