18 жыл бұрын жоғалған шетелдің азаматы Атыраудан табылды
18 жыл бұрын жоғалған шетелдің азаматы Атыраудан табылды
193
оқылды
Бұл азаматтың еліне оралуына Атыраулық тұрғынның көмегі тиген екен. Атыраулық тұрғын Леонид Демяшев шетелдің азаматты көшеден тауып алыпты. Оны белгісіз біреулер қатты соққыға жығып, ешқандай құжатсыз көшеге тастап кеткен. Қатты таяқ жеген азамат есін жоғалтып алған. Леонид болса, ол азаматтың ойына түскенін жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарына жазып, ағайын-туысын іздестірген.
Нәтижесінде, ол Тәжікстанның азаматы екен. Алматыдағы Тәжікстанның елшілігі арқылы құжаттарын реттеп берген. Артынан Тәжікстан елшілігінен Леонидқа хабарласып, оны елордадан ұшатын Нұр-Сұлтан Душанбе ұшағына отырғызып жіберуін өтінген екен. Алайда ол кезде елде карантин жарияланып, ол қалып қалған еді. Жолы түсіп, азамат осы жақында ғана еліне оралыпты.
Добороджаб отбасылы екен, екі үлы бар. Екеуі де ер жеткен. Кішісінің өзі әскерде екен. Добороджаб өзі көпбалалы отбасынан шыққан екен. Ол табыс табу үшін 2001 жылы елінен кеткен. Ағайын-туғанымен сөйлесіп жүргенімен, кейін байланысын үзіліп қалған екен.