Коронавирустың қауіпті зардабы анықталды
Коронавирустың қауіпті зардабы анықталды
202
оқылды
Америкалық ғалымдар коронавирустың жаңа қауіпті зардабын анықтады, деп хабарлады АҚШ ауруларды бақылау және алдын алу орталығы (CDC). Бұрын балаларда коронавируспен байланысты табылған күрделі қабыну синдромы ересектерден де табылды. Басты қауіп осы болып отыр. Коронавирустан жазылғандарда MIS-A синдромы пайда болуы мүмкін. Бұл синдром балалар мен жасөспірімдерде коронавирустың ауыр асқынуы болып есептеледі.  Бұл синдром пайда болған пациенттерде жүрек және асқазан-ішек жолы аурулары туындаған.  Адамдар ауытқуға, іш ауруына және температураның көтерілуіне шағымданған. Осындай 16 жағдай тіркелген. Пандемияның басында 34 миллионнан астам адам коронавирус жұқтырған, миллионнан астам адам қайтыс болды. АҚШ, Үндістан және Бразилия халқы коронавирусқа көп шалдықты. Ресейде соңғы тәуліктерде 85 өңірде 9859 адамның коронавирус жұқтырғаны белгілі болды. Пандемия басталғалы бері мұнда 85 өңірде 1 204 502 адам індетке шалдыққан. 21 251 адам қайтыс болды,  975 859 адам сауығып шықты. ММУ профессоры, биология ғылымдарының докторы Алексей Аграновский айтқандай, 2020 жылдың көктем-күзіндегі  коронавирус толқынымен салыстырғанда келесі толқын  әлсіздеу болады. Вирусолог келесі жылдың көктемінде коронавирусқа шалдыққандар саны күрт өсуі мүмкін деп есептейді. Еске сала кетейік, бұған дейін ғалымдар коронавирусты қайтадан қашан жұқтыруға болатынын айтқан болатын.