Алты облыста ауа райының қолайсыздығына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды "Қазгидромет" РМК.
7 қазанда түнде Солтүстік Қазақстан облысының басым бөлігінде жаңбыр, қар жауады. Кей жерлерде тұман, көктайғақ болуы мүмкін. Батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, кей жерлерде күші 15-20, күндіз екпіні 25 м/с жетеді.
7 қазанда түнде Петропавлда жаңбыр, қар жауады, көктайғақ болуы мүмкін. 7 қазанда тәулік бойы батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с жетеді.
7 қазанда Қарағанды облысының кей жерлерінде тұман түседі. Таңертең және күндіз кей жерлерде көктайғақ болады, жаяу бұрқасын жүреді. Оңтүстік-бытыстан жел соғады, күндіз күші кей жерлерінде 15-20 м/с жетеді.
7 қазанда түнде және таңертең Қостанай облысының кей жерлерінде тұман түседі. Батыстан соққан жел солтүстікке ауысады, күші кей жерлерде 15-20 м/с жетеді.
7 қазанда Қостанай қаласында батыстан соққан жел солтүстікке ауысады, күндіз екпіні 15-20 м/с жетеді.
7 қазанда түнде Қызылорда облысының кей жерлерінде 3 градус үсік жүреді. Күндіз төтенше өрт қаупі сақталады.
7 қазанда Ақмола облысында оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күші кей жерлерде 15-20, күндіз 23 м/с жетіп, күшейеді.
7 қазанда Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде жаяу бұрқасын соғады, тұман түседі, көктайғақ болады. Батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады, күші кей жерлерде 15-20 м/с жетеді.
Ертең Өскеменде көктайғақ болады. Батыстан,оңтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні 15-20 м/с жетеді.
Ертең Семейде көктайғақ болады. Батыстан,оңтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні 15-20 м/с жетеді.