Білім және ғылым министрлігі Жоғары және жоғары оқу оқу орнынан кейінгі білім департаментінің директоры Әділет Тойбаев Қазақстандағы ұлттық және мемлекеттік жоғары оқу орындары оқытушыларының жалақысы өскенін айтты.
«Биыл ұлттық жоғары оқу орындарында профессор лауазымы деңгейіндегі жалақы 29 пайызға артып, 272 мың теңгеге, мемлекеттік ЖОО-ларда 19 пайызға артып, 248 мың теңгеге жетті. Ұлттық ЖОО-ларда профессор-доцент деңгейінде жалақы 31, мемлекеттік ЖОО-ларда 11 пайызға артты. Ұлттық ЖОО-лардың аға оқытушылары жалақысы қыркүйекте 32, мемлекеттік ЖОО-ларда 18 пайызға өсіп, республика бойынша 116 мың теңгені құрады», - деді Әділет Тойбаев министрліктің аппарат жиналысында.
Оның айтуынша, мемлекеттік білім тапсырыстарының артуы есебінен жалақы өскен. Атап айтқанда, 2019 жылы ұлттық ЖОО-лардағы мемлекеттік білім тапсырысы 636 мың болса, 2020 жылы ол 1 008 200 теңгеге жетті.