Елімізге саяси сауаты мықты, өзіндік ұстанымы бар жастар қажет
Елімізге саяси сауаты мықты,  өзіндік ұстанымы бар жастар қажет
329
оқылды
Бұл додада жастарға үлкен мүмкіндік беріліп отыр. Айта кет­сем, елімізге саяси сауаты мық­ты, өзіндік ұстанымы бар ал­ғыр жастар қажет. Праймеризге қатысу­шылар халық алдында тек сөзбен жар­қырап қоймай, жұмысын нақты іспен көрсетуі тиіс. Ал кім өз сөзін іспен дәлел­десе халық соны қолдайды. Праймериз нәтижесінде қала­мыздағы түйткілді мәселелер қоз­ғалып, алдағы даму жоспары белгі­ленді. Жергілікті жұрт осыған дейін қандай шаруалар атқа­рылғанынан, болашақта нендей өзге­рістер орын алатынынан хабардар болды. «Nur Otan» партиясы жаңа идеялармен, жаңа көзқарастармен толықты. Егер дауыс беру қағаз күйінде жүр­гізілсе, қандай да бір бұрмалау фактісі болуы мүмкін еді. Ал онлайнда ондай заңбұзушылықтарға жол берілмейді. Осының арқасында әр азамат өзі қала­ған кандидатқа дауыс берді. Халық әр секунд сайын сайттан қаты­сушы­лардың қанша дауыс жинағанын да қадағалап отырды.  

Азат САРПЕКОВ,   Семей қаласындағы электротехникалық колледж директоры