Жетекші партия тарихындағы ауқымды жоба
Жетекші партия тарихындағы ауқымды жоба
212
оқылды
Осы жылдың 17 тамызында бас­талған, бірнеше кезеңнен тұрған пар­тия­ішілік іріктеу жетекші партия та­рихындағы ауқымды жоба болды.  Прай­­мериз – қоғамның дамуына өз үле­­­­сін қосуға ынталы, белсенді әрі тың идея­­­­лары көп азаматтар үшін таптыр­мас мүмкіндік. Сондықтан бағымды сы­нап, партияішілік іріктеуге қа­тыс­­­­тым. «Nur Otan» партиясының белсендісі ретінде «партиялық тізімдердің сапа­лық құрамында 35 жасқа дейінгі жас­тардың үлесі 20 пайыз болуы шарт» де­ген ұста­нымды қолдаймын. Бұл «Ерік­тілер жылында» ел дамуына атса­лысып, жана­шыр азамат, білікті маман ретінде танылған жалынды жастарға нақты қолдау деп білемін. Осы ретте «Жастар – қоғамның қозғаушы күші» деген сөзді басшылыққа алар болсақ, жетекші пар­­­тия жастардың білімін, жас­тық жа­лы­нын, тың, жаңа идеяларға бай көз­қара­­сын мемлекет дамуына ба­ғыт­таса, ашық азаматтық қоғамның қалып­тасуына да негіз болады деп есеп­­теймін. Мен болашақта жүзеге асырсам деген бағдарламама өзім туып-өскен Сырдария ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуының басым ба­­ғыт­тарын кірістірдім. Оның ішінде «Nur Otan» партиясы тарапынан қа­былданған бағдар­­ла­­­­малардың сапалы жүзеге асуына атсалысу арқылы аудан тұрғындарының талап-тілектері мен ұсыныстарын жер­гілікті атқарушы би­лікке жеткізіп, мәсе­леле­рінің шеші­луіне ықпал етуді жос­парлап отырмын. Бұдан бөлек, ашықтық пен қолже­тімділік қағидатын ұстану негізінде шалғай ауылдардағы кәсіп­керлікке ынта­лы азаматтарға мем­лекет тара­пынан көрсетілетін қолдау­лар жө­нінде түсін­­дірме жұмыс­тарын жүргізуді үйлестіру қажет деп санаймын. Сон­дай-ақ аз қам­­­та­­­­масыз етілген және көпбалалы отбасы­­ларды назардан тыс қалдырмай, тұрақты түрде әлеуметтік көмек алуын бақылауда ұстаудың маңызы зор. Осын­дай нақты мақсат-міндеттер бойын­ша білімімді, тәжі­рибемді ауда­нымның да­­­муына жұмсау – менің парызым. Праймериздің дауыс беру кезеңінің қорытындысы бойынша, «Nur Otan» партиясының Сырдария ауданындағы 2 032 мүшесі, яғни дауыс берушілердің 70 пайызы маған сенім артыпты. Бұл – үлкен қуаныш әрі зор жауапкершілік. Сенім артып, дауыс берген партия­ластарымның сенімі мен үмітін ақтау жолында еңбек ететін боламын. Қазақ­стан­да тұңғыш рет ұйымдастырылған партия­ішілік іріктеуге белсене қатыс­қан барлық азаматтарға ризашы­лы­­ғымды білдіремін.  

Ақтөре ИБРАГИМҰЛЫ, Сырдария аудандық «Тіршілік тынысы» газетінің бас редакторы, «Jas Otan» Жастар қанаты Сырдария аудандық бөлімшесінің басшысы