Солтүстік Қазақстанда белгісіз екі адам зейнеткердің қол-аяғын байлап, мойнына пышақ кезеп, 300 мың теңгесін сыпырып әкеткен.
Оқиға 29 қыркүйек күні Бәйтерек ауданына қарасты Шапова ауылында болған.
«29 қыркүйекте сағат 22:00 шамасында белгісіз екі адам Жайық көшесі, 21 үйдің есігін бұзып кіріп, 1934 жылы туған А. есімді зейнеткерге күш қолданған. Олар оның қол-аяғын байлап, 300 мың теңгені ұрлап, оқиға орнынан қашып кеткен», - дейді Бәйтерек өңірінің полиция бастығы Сұлтан Шалдарбеков.
Бүгінде ҚР Қылмыстық кодексінің 192-бабының 2-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалып, қылмысты ашуға жедел-іздестіру тобы құрылды. Қазір қылмысты ашу үшін жедел-іздестіру шаралары жүргізілуде.