Ашық аспан астында «Құнанбай» фильмі көрсетілді
Ашық аспан астында «Құнанбай» фильмі көрсетілді
5,296
оқылды
Күні кеше  Жетісудың бас шаһары Талдықорған қаласында аспан астындағы кинотеатр ашыл­ды. Мұның өзі жұрт көңіліне жақ­сы тұрғыда  серпін берген игі іс бол­ғаны анық. Қаламыздағы иі іс­тердің ордасына айналған орын­дардың бірі Журналистер үйі­нің алдындағы автотұрақта ұйым­дастырылған кинокөрсетілім бұ­рынғыдан өзгерек.  Көрермен залы автотұрақ болса, келушілер көлік ішіне жайғасып, тың туындыны тамашалайды. Жаңалығы мол жар­қын жоба бо­йынша көррмендер на­зарына бірінші болып  «Құнанбай» фильмі ұсынылды. Көрсетілім 2 сағатқа созылып, таза ауадағы кинотеатрға келгендер қатары көптігімен ерек­шеленді және фильм жиналған жұрттың  көңілі­нен шықты.
Бұқараның қалауын дөп ба­сып, ерекше тартуды  жүзеге асыр­ушылар Алматы облыстық ішкің саясат басқармасы мен  Jetisy Media КММ-сі.  Идея авторы жас маман Елбосын Абай: «Таза ауада өткізілген кинокөрсетілім көптің көңілінен шықты деп ойлаймын. Талайдан бері барлық ойын-сауықтық орындардың жұмысы шектетілген еді. Осы шара арқылы тұрғындар кішкене болса демалса керек. Тек қана көңіл көтеру емес, сонымен қатар тарихқа көз жүгіртіп, тәлім-тәрбие, өмірге қажетті кеңес алады деген ойдамын», – дейді .
 

Болат АБАҒАН, Алматы облысы