Қазақстан шекараларында бақылау күшейтіледі
Қазақстан шекараларында бақылау күшейтіледі
166
оқылды
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев коронавирус індетінің екінші кезеңіне дайындық мәселелері бойынша кеңесте еліміздің шекараларында бақылауды күшейтуді тапсырды.  Президент әуежайлар мен теміржолдарда эпидемиялық бақылаудың қатаң режимин қайтадан орнатып,  "қызыл аймақтардан" келетін жолаушыларды шұғыл тестілеуді тапсырды.
"Шекаралас мемлекеттерде эпидемиялық жакғдайдың ушығуына байланысты мемлекеттік шекарадағы өткізу пунктерінде бақылауды күшейту керек. 5 қазандағы ахуал бойынша Ресейде коронавирусты жұқтырудың 12 608 жаңа дерегі тіркелді, өсім шамамен 1 процент; Өзбекстанда – 374 дерек, өсім – 0,5 процент; Қырғызстанда  – 244 дерек, өсім 0,5 процент құрайды. Әуежайлар мен теміржолдарда эпидемиялық бақылаудың қатаң режимин қайта орнатып,  "қызыл аймақтардан" келетін жолаушыларды шұғыл тестілеуді жалғасыру керек", - деді ол.