Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Бағдат Қожахметов тағы да қатаң карантин режиміне оралуымыз әбден мүмкін екенін айтты.
"Қазіргі таңда елімізде жағдайдың тұрақтанғанына қарамастан, карантин шаралары ойдағыдай нәтиже бермей отыр. Коронавирусты жұқтырған науқастар қайтадан көбеюде. Қазақстандықтар санитарлық дәрігерлердің айтқан талаптарын орындамаса, тағы да қатаң карантинге оралуымыз әбден мүмкін», - деді ол брифингте.
Оның айтуынша, 7 қазандағы ахуал бойынша елімізде 108 362 адам коронавирусқа шалдыққан. Соңғы тәулікте 66 азаматтан індет анықталды, яғни өсім 0,6% құрады.