Ауа райының бұзылуына байланысты Қазақстанның бірқатар өңірінде ескерту жарияланды, деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК.
8 қазанда Қарағанды облысының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болады. Солтүстік-шығыстан соққан желдің күші кей жерлерде 15-20 м/с жетеді.
8 қазанда Қостанай облысының кей жерлерінде тұман түседі. Солтүстіктен жел соғады, жел екпіні күндіз кей жерлерде 18 м/с болады.
8 қазанда Қызылорда облысында солтүстіктен жел соғады, күндіз жел жылдамдығы кей жерлерде 15-20 м/с дейін күшейеді. Күндіз төтенше өрт қаупі сақталады.
8 қазан т үнде және таңертең Ақмола облысының кей жерлерінде тұман түседі, көктайғақ болады. Солтүстік-батыстан соққан жел солтүстік-шығысқа ауысады, қарқыны - 15-18 м/с.
Нұр-Сұлтан қаласында түнде және таңертең тұман түсіп, көктайғақ күтіледі.
8-10 қазанда Жамбыл облысында кей жерлерде тұман түседі. 9-10 қазанда кей жерлерде солтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығысқа ауысады, күші - 15-20, екпіні - 23-28 м/с жетеді. Кей жерлерде 5 градус үсік жүреді.