2 сәуір-7 қазан аралығында елімізде 2 551 бала коронавирус жұқтырған. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Бағдат Қожахметов хабарлады.
«Биыл 2 сәуір- 7 қазан аралығында елімізде 2 551 бала коронавирусқа шалдықты. 5 қазандағы ахуал бойынша 138 оқушы коронавирус жұқтырған, оның ішінде 52 оқушы кезекші сыныпқа барып жүріп індетті жұқтырса, 86 оқушы қашықтан оқу кезінде жұқтырған», - деді ол брифингте.
Оның айтуынша, 7 қазандағы ахуал бойынша 1 айлық сәби мен 18 жас аралығындағы балалар арасында 74 баладан коронавирус анықталды.