Қазақстанда қатаң карантин желтоқсанда енгізілуі мүмкін. Қазақстанда коронавирус эпидемиясының дамуының үш сценарийін таныстырған Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой осылай деді.
Оның айтынша, Қазақстанда коронавирустың дамуына қатысты болжамдарға апта сайын түзетулер енгізіледі.
Ең жаман сценарий бойынша, егер 60 проценттік маска режимі сақталса, қазан-желтоқсан айларында коронавирусқа 190 мыңға жуық адам шалдығады. 65 мың адам ауруханаға жатуға мәжбүр болады. Қатаң карантин желтоқсанның ортасында енгізіледі деп болжанады.
Екінші шынайы сценарий бойынша әлеуметтік арақашықтық және 70 проценттік маска режимін сақтаса, қазан-желтоқсан айларында 90 мыңға жуық адам індетті жұқтырады деп болжанып отыр. 30 мың адам ауруханаға жатқызылады. Қатаң карантин бұндай жағайда қаңтарда енгізіледі деген болжам бар.
Әлеуметтік арақашықтық және 100 проценттік маска режимін сақтаған жағдайда бізге қатаң каранин енгізуге қажеттілік жоқ. Қатаң карантин төсек-орын қорының 70 проценті бос болмаған жағдайда енгізіледі. Осы оң сценарий кезінде қазан-желтоқсан айларында 40 мыңға жуық адам коронавирусқа шалдығады. 15 мың адам ауруханаға жатқызылады", - деді Цой коронавирустың екінші толқынына дайындық бойынша кеңесте.