Баласына арақ берген әйел полицияның бақылауына алынды
Баласына арақ берген әйел полицияның бақылауына алынды
225
оқылды

Шығыс Қазақстан облысы полиция департаментінің қызметкерлері баласына арақ берген әйелді бақылауға алған. 

Белгілі болғандай, оқиға Шығыс Қазақстан облысында осыдан біраз уақыт бұрын болыпты. Қазіргі уақытта әлеуметтік желіде баласына арақ берген әйелдің видеосы қызу талқыланып жатыр.
«Бұл видео біраз уақыт бұрын түсірілгені анықталды. Ұлан ауданының ювеналды полиция қызметкерлері әйелдің тұрғылықты жеріне барып,  тұрмыстық жағдайын тексерді. Бұған дейін де тексерулер жүргізілген», – дейді ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің басшысы Әйгерім Нұрғазина.
Полиция қызметкерлерінің хабарлауынша, әйел қазір тәртібін түзеген, ішімдік ішпейді, ішімдікке тәуелділігі жоқ. Бұл отбасын аудандық полиция бөлімінің учаскелік полиция инспекторы бақылауға алған. Еске сала кетейік, бұған дейін Алматы облысында әйелдің өз баласын өлтіріп, тоңазытқышқа салып қойғанын жазған болатынбыз.