Тұрсынбек Қабатов: «Марқұм өзі кінәлі екен, кішкене ішкені бар» (видео)
Тұрсынбек Қабатов: «Марқұм өзі кінәлі екен, кішкене ішкені бар» (видео)
422
оқылды

Әртістің айтуынша, ол бұл істің басы-қасында болған емес. Бұл оқиға осыдан бір жыл бұрын, 2019 жылдың қазан айында болған екен.

"Ол – менің жүргізушім емес, көмекшім. Негізі рөлге өзім отырамын. Бірде көмекшім кешкісін келіп, «Жұмыстарыммен бір жерге барып келейін деп едім» деп көмек сұрады. Шыны керек, оның арты осылай аяқталатынын, білмедім», - дейді Тұрсынбек Қабатов.

Оның сөзінше, көмекшісінің адам қағып кеткенде жүргізу куәлігі куәлігінен айырылғанынан бейхабар екен. Себебі бұған дейін оның жүргізу куәлігі болыпты.

"Оның өз көлігі бар, сол  күні сынып қалса керек. Артынан оқыс оқиғаны естігенімде төбеме жай түскендей болды. Оңай болған жоқ. Сұрастыра келе марқұмның өзі кінәлі екен, кішкене ішкені бар екен. «Жолға жүгіріп шыққан» деп жатыр. Марқұмның артынан жаман нәрсе айтқым келіп тұрған жоқ", - дейді ол.

Сол кезден әртіс бұл іске араласпаған, өзінің шешуіне қалдырыпты. «Жігітке «қолыңмен істегеніңді мойныңмен көтер, мен араласпаймын» дегенмін. «Тұрсынбек ақша берді» деген қаңқу сөздер, өтірік. Ешкімге xабарласқан емеспін. Бұл іске араласқан жоқпын. Қойған сұрақтарға жауап бердім, оның куәлігі жоғын білмеймін. Сондықтан айтарым: қазір әртүрлі ақпарат тарап жатыр, «иә, сен оның басында болмасаң да көлік сенікі ғой» деп кінә тағып жатқандар болса, кешірім сұраймын. Бірақ мен ол көліктің ішінде болған емеспін. Сіздерге айтарым, осы», - деді әртіс. [embed]https://youtu.be/axysSs75FfU[/embed] Еске салайық, кеше әлеуметтік желіде шоу бизнес жұлдызы Тұрсынбек Қабатовтың көлігі адам қағып кеткені туралы ақпарат тарады. Қарағанды ​​облысының полициясы бұл жағдайға түсінік берді.

«Тұрсынбек Қабатовтың атына тіркелген «Лексус» көлігін тізгіндеген Нұр-Cұлтан қаласының тұрғыны түнгі уақытта Омарқұлов Е. есімді азаматты қағып кетті. Ол оқиға орнында қаза болды. Тергеу барысында сараптама жүргізіліп, нәтижесінде «Лексус» көлігінің жүргізушісі тас жолда келе жатқан жәбірленушімен соқтығысудың алдын ала алмаған.

Одан бөлек, «Лексус» көлігінің жүргізушісі жол апаты кезінде сау болған, ал жәбірленуші орташа дәрежелі мас күйде болған. Тергеу нәтижелері бойынша іс қылмыс құрамының болмауына байланысты тоқтатылды», - дейді Қарағанды ​​облысы бойынша ПД тергеу бөлімінің бастығы, полиция подполковнигі Алмаз Саламатов.