100-ге жуық автокөлік қар құрсауынан шығарылды
100-ге жуық автокөлік қар құрсауынан шығарылды
220
оқылды
Шығыс Қазақстан облысында қыс қаһарына міне бастады.Табиғаты қатал өңірде қазан айынан бастап көліктер қар құрсауында қалды. Бүгін «Өскемен-Риддер» бағытында құтқару жұмыстары жүргізілді. Таңғы сағат сегізде төтенше жағдайлар қызметіне 40 көліктің жолда жүре алмай тұрып қалғаны жайлы және бір көліктің жол жиегіне аударылып кеткені туралы ақпарат түскен. Құтқарушылар дереу сол жаққа жетті. Алдымен апатқа ұшыраған көліктегі адамдарға көмек көрсетілді. Абырой болғанда, ішіндегі 2 ересек адам 3 бала дін аман екен. Олар жақын маңдағы ауылға жіберілді. Әрі қарай мамандар жолды аршу жұмыстарымен айналысып, көліктердің жартысы сапарларын жалғастыруға мүмкіндік алды. Алайда сол уақытқа дейін көліктер тізбегі тағы артып, 100-ге жуық автокөлік қар құрсауынан шығарылды. Ал қазір барлық құтқару жұмысы аяқталды.

- Біз өз тарапымыздан талай рет алдын ала хабарладық. Күн райының бұзылатындығын ескерттік. Алайда әдеттегідей ешкім құлақ асқан жоқ. Ауа райы туралы ақпаратты біздің «Дәрмен» қосымшасынан кез келген уақытта алуға болады. Сонымен қатар біз құтқарушы ретінде тұрғындарға көліктерін қысқа қамдауға кеңес береміз. Өйткені кез келген уақыттта қар жауып,көктайғақ болуы ықтимал, - дейді облыстық ТЖД баспасөз хатшысы Марина Лискова.