Көші-қон полициясы қызметкерлері елордадағы «резеңке» пәтерлерді анықтап шыққан екен.
Нұр-Сұлтан ДП баспасөз қызметінің мәліметінше, көші-қон қызметі қызметкерлері Әзербаев көшесіндегі көпқабаттың үйдің бірінде заңсыздық тапқан. Ондағы бір пәтерде тұрақты тіркеуде 259 адам тұрса, 289 адам уақытша тіркеуде екен. Оның бәрі 2016 жылдан бері тұрып келеді екен. Пәтер иесі тек тамыз айында 154 адамды пәтеріне тұрақты есепке қойыпты.
Пәтер иесіне қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 493 бабы бойынша әкімшілік хаттама жасалды. Төрт адамнан тұратын отбасы мүшелерін қоспағанда, бұрын пәтерде тіркелгендердің барлығы тіркеуден шығарылды.