Алматы қаласы Әуезов ауданы әкімінің орынбасары Ренат Кенеев ерлік көрсеткені үшін полиция капитаны, Әуезов ауданы ПБ жанындағы учаскелік полиция инспекторы Бектемір Қауымбаевқа алғыс хат пен естелік сыйлық табыс етті.
Оқиға орнына бірінші болып келген полиция капитаны Бектемір Қауымбаев жалпы ауданы 200 шаршы метр болатын жеке үйдің өртенгенін байқаған.Үйдің ішкі бөлмесі қызыл жалынға оранып, ішінде адамдар қалып қойған.
Болып жатқан жағдайды бағалап, Бектемір Қауымбаев адамдарды құтқару туралы шешім қабылдап, тез арада өртеніп жатқан үйден бір адамды тауып алып, оны қауіпсіз жерге шығарған.
Айта кету керек, полиция капитаны Бектемір Қауымбаев үйде қалған адамдарды құтқаруға екінші рет әрекет жасаған. Алайда өртеніп жатқан шатырдың шаңырағы ортаға түскендіктен үйге кіру мүмкін болмады.
-Бектемір Қауымбаев сияқты адамдар ол біздің заманымыздың нағыз қаһарманы, - деп жазды Әуезов ауданы әкімінің орынбасары Ренат Кенеев өзінің парақшасында.
Естеріңізге салсақ, бұған дейін Ренат Кенеевтің көзсіз ерлігін көрсетіп, марапаттауын сұраған болатынбыз.