Алматыда жасөспірімді мопед қағып кетті
Алматыда жасөспірімді мопед қағып кетті
191
оқылды
Оқиға болған жерде түсірілген кадрлар Instagram-дағы kris_p_almaty парақшасында жарияланды. Оқиға 8 қазанда Торайғыров және Науаи көшелерінің қиылысында болған. Куәгер жаяу жүргіншілерге арналған жолда жатқан бозбаланы түсіріп алған.  Оны алғашқы медициналық көмек көрсетіп жатқан бір топ адам қоршап тұр екен. [embed]https://www.instagram.com/p/CGEgDaInoM0/?utm_source=ig_web_copy_link[/embed] Полицейлердің хабарлауынша, жәбірленуші ауыр жарақат алмаған. "Бұл жол-көлік оқиғасы Бостандық ауданында болды. Кәмелетке толмаған баланы қағып кеткен. Бақытымызға орай, ол ауыр жарақат алған жоқ. Оған медициналық көмек көрсетілді. Бұл дерек қазір аудандық полиция басқармасының әкімшілік тәжірибе бөлімшесінде тіркеліп, тергеліп жатыр", - деді полиция департаментінің баспасөзі.