БҚО полиция департаментінің ресми өкілі Болатбек Белгібековтің айтуынша, ер адамның денесі 7 қазан күні кешкісін сағат 19.40-та Бәйтерек ауданы Достық ауылы маңында Шаған өзені жағасындағы орманнан табылған.
Орал қаласының 40 жастағы тұрғыны биылғы 28 тамызда жоғалып кеткен екен. Содан бері іздестіру жұмыстары жүргізілген еді.
Қазіргі кезде бірнеше сараптама тағайындалып, ҚР ҚК 105-бабы 1-бөлігіне (өзіне-өзі қол жұмсауға дейін жеткізу) сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.